Ким Тхэ Йен Солтүстік Корея тарапынан болған Йонпхендо аралындағы 2010 жылдың 23 қарашасындағы артиллериялық атысқа «тұшымсыз жауап» беруімен байланысты отставкаға кетті.
18:42, 26 Қараша 2010
Оңтүстік Кореяның жаңа қорғаныс министрі тағайындалды
АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея Президенті Ли Мен Бак елдің жаңа қорғаныс министрі етіп өзінің қауіпсіздік бойынша кеңесшісін тағайындады. Таяуда Қорғаныс министрлігінен отставкаға кеткен Ким Тхэ Йеннің орнына кадрлық офицер Ли Хи Вон жайғасты, деп хабарлайды РБК.