Оңтүстік Кореяның жүк кемесі жоғалып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның 'Стеллар Дейзи' атты алып жүк кемесі Оңтүстік Атлантикада жоғалып кетті. Кеме бортында 24 теңізші болған, деп жазады Би-би-си.

Франс-пресс агенттігінің хабарлауынша, құтқару салында 2 адам тірі табылған.

Өткен жұма күні экипаж мүшесі жүк кемесіне су кіріп, кеме қисайып бара жатқанын хабарлаған.

Ренхаптың хабарлауынша, екі филиппиндік теңізшіні құтқару ісіне ерікті түрде араласқан сауда кемесі тапқан.

«22 адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр», - делінген Оңтүстік Кореяның СІМ өкілі Рейтер агенттігіне берген мәліметінде.

Одан бөлек Оңтүстік Корея Бразилия мен Уругвай мемлекетінен көмек сұрап отыр.