Хабарламаға сәйкес, Оңтүстік-Қытай теңізіндегі жазғы жоспарлы операцияларды атқару барысында «Карл Винсон» авиатасымалдағышының палубасына F-35 Lightning II жойғыш ұшағын қондыру кезінде келеңсіздік туындаған. Ұшқыш сәтті катапульта жасап, әскери тікұшақпен құтқарылды. Денсаулығы қалыпты жағдайда.
Оқиға салдарынан жеті теңізші зардап шекті, олардың үшеуі Филиппин ауруханасына жеткізілді. Төртеуіне штаттағы дәрігер мамандар медициналық көмек көрсетті.
Оқиға себептері анықталып жатыр.
Фото: www.navalnews.com