Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Апат вьетнамдық Вунгтау қаласынан оңтүстікке қарай 150 миль жерде орын алған.
«Іздеу шаралары қарқынды режимде өтуде, алайда оқиға орнындағы ауа райы өте ауыспалы, бұл құтқару қызметтерінің жұмысына кедергі келтіруде. Кеме шамадан тыс артылғандықтан және ауа райы жағдайының тұрақсыз болуы салдарынан батуы мүмкін», - деп мәлімдеді ол.
Оның айтуынша, Gearbulk компаниясының кемесінде 46 тоннаға жуық боксит болған. Экипаж 19 адамнан тұрады, олардың барлығы - Филиппин тумалары. Құтқару қызметінің өкілі қаза тапқандардың арасында кеменің капитаны бар екенін айтты, тағы бір адамды Жапония жағалаудағы күзет өкілдері құтқарды.
Болған оқиғаның егжей-тегжейлері анықталу үстінде.