Қаза тапқан үшеу - Лодин қаласының маңындағы Чуаньбу ауылының тұрғындары, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі
Ағымдағы жылы осымен 15-інші рет болып отырған тайфун Оңтүстік Қытайға нөсер жауын әкеліп отыр. Янчунь, Синьи және Лодин қалаларында лай көшкінінен бірнеше үй құлаған. Гаолань айлағында теңіз қайраңға панамалық жалаулы кемені шығарып тастап, 50 тонна отын жағалауға төгілген. Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, айлақ қызметтері теңіз өнімдерін өсірумен айналысатын төңіректегі фермаларға төгілген майдың таралуына жол бермеуге тырысып бағуда.