Оңтүстік өңірде жанар-жағармай бағасының өсуі қолдан жасалды деген ақпарат бекер - Энергетика және минералды ресурстар министрлігі

ң 12-сі. ҚазАқпарат  /Айдар Оспаналиев/ - Биылғы жылы еліміздің оңтүстік өңірінде мұнайды өңдеу деңгейі өткен жылғыдан біршама төмендеу болды.


Сонымен қатар еліміздегі жанар-жағармайдың басым бөлігі экспортқа шығарылды. Еліміздің Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің өкілдері жуырда ғана Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарындағы жанар-жағармайға деген бағаның күрт өсуін осындай себептермен түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Бүгін осы мәселе жөнінде журналистермен кездескен Энергетика және минералды ресурстар министрлігіне қарасты Мұнай өнімдерін өндіру және мұнайды өңдеу мекемесінің басқарма бастығы Бақыт Махановтың айтуынша, елімізде өткен жылдың тап осы мерзімінде жанар-жағармайды экспорттауға тыйым салынған болатын. «Сонымен қатар, қазір елімізге Ресейден тасымалданатын жанар майдың көлемі де азайды. Ал оңтүстік өңірде жанар-жағармай бағасының өсімі қолдан жасалды деген ақпарат бекер. Бұл мәселені біз қазір жіті бақылап отырмыз. Осыған орай тамыздың 14-і күні Энергетика және минералды ресурстар министрлігінде арнайы жиын өтіп, онда жанар-жағармайға деген бағаның өсу себептері мен салдары және оны төмендету жағдайы сөз болады», деді министрлік өкілі.