«Бүгінгі күні Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында 684,8 мың гектар алқаптың астығы бастырылды. Өнімділік гектарына 11,6 центнерді құрауда. Жиналған астықтың жалпы көлемі 759 мың тоннаны құрайды. Бұл былтырғы деңгейден гектарына 4,9 центнерге төмен», - делінген хабарламада. Ведомствоның ақпаратына қарағанда, Жамбыл облысында гектарына 8,1 центнерден өнім жиналды. Мұндай жайттың орын алуына дәнді дақылдардың өсіп-өну кезеңіндегі ауа райының құрғақ болуы басты себеп болып отыр.
15:16, 08 Тамыз 2014
Оңтүстік өңірлерде астық шығымы төмен
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы еліміздің оңтүстік облыстарында астық шығымы өткен жылмен салыстырғанда біршама төмен, деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.