Экология, геология және табиғи ресурстар, ауыл шаруашылығы, энергетика министрлері, сондай-ақ Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарының басшылығы Арал-Сырдария бассейнінде қалыптасқан жағдай туралы баяндады. Биыл судың аз келуіне байланысты Қырғыз Республикасының аумағындағы Тоқтоғұл су қоймасына жиналған судың көлемі өткен жылғы деңгейге жетпейді. Қырғызстанның өзінің су-энергетикалық қажеттіліктерін қамтамасыз етуі тиіс екенін ескере отырып, Қазақстан аумағына жіберілетін су көлемінің төмендеу қаупі бар.
20:04, 07 Ақпан 2022
Оңтүстік өңірлердегі суармалы жерлер бойынша шаралар қабылданады — Үкімет
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов алдағы вегетациялық кезеңде Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін суармалы сумен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz-ке сілтеме жасап.