Оңтүстік өңірлерден солтүстікке қоныс аударғандарға қандай көмек жасалады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударытындар үшін 428 жалға берілетін тұрғын үйді салуға 3 млрд теңге бөлінді.


Бұл туралы Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Еңбек және халықтыәлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев мәлім етті, депхабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

«Бағдарлама аясындағы қанатқақты жоба тұрғысында 3 млрд теңге СолтүстікҚазақстан облысына бөлінді. Осы орайда оңтүстік облыстардан қоныс аударатындарүшін 428 жалға берілетін тұрғын үйді салу ескерілген», - деді Е. Жылқыбаев.

Осы орайда ол жұмыс күші артық оңтүстік өңірлерден қоныс аударатындарғақандай көмек жасалатынын айтты.

«Біріншіден, қоныс аударуға отбасының әр мүшесіне 88 мың теңге сомасындабіржолғы төлем қарастырылған. Екіншіден, баспананы жалдау мен коммуналдыққызметтер төлемдеріне 30 АЕК немесе бір отбасыға жыл бойында ай сайын 77 мыңтеңге ескерілген», - деді Е. Жылқыбаев.

Мұнымен қоса, бғдарламаға белсенді қатысып жүрген жұмыс берушілер үшінсубсидия қарастырылған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жұмыс күші артық оңтүстік өңірлерден адамдардысолтүстік облыстарға қоныстандыруға жұмыстарына тоқталса, биыл жоспар бойынша 2253 отбасыны немесе 10 мың адамды көшіру ескерілген. Бүгінде 1 050 отбасынемесе 4 мың адам қоныс аударды.

Соңғы жаңалықтар