Сайысқа әскери бөлімдер мен құрамаларда қатардағы жауынгер және сержанттар құрамында қызмет етіп жүрген 107 әскери қызметші қатысты. Байқаудың негізгі міндеттері мен мақсаттары «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы сержанттары мен сарбаздарының әскери-кәсіби шеберліктерін жетілдіру, озық үлгідегі тәжірибені, жұмыс жасау стилі мен әдіс-тәсілдерді зерделеу, біріктіру және тарату болып табылды. Одан басқа, конкурс барысында әскери-кәсіби тұрғыда анағұрлым дайындалған сержанттар мен қатардағы жауынгерлер айқындалды.
Байқау құрамына «Даярлық», «Қайсар» әскери-спорттық сайысы, оқ ату даярлығы бойынша «Мерген», жауынгерлік машиналарды жүргізу бойынша «Тұлпар», әскери-медициналық дайындық бойынша «Денсаулық» және тағы басқа кезеңдер кірді. Әскери бөлімдер арасындағы жалпы командалық есепте орындар келесідей бөлінді. 1-орынға - 35748 әскери бөлімі, 2-орынға - 21450 және 3-орынға 66597 әскери бөлімі қол жеткізді.
23:17, 05 Қыркүйек 2016
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында үздік сержанттар мен сарбаздар анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығындағы 21450 әскери бөлімінің базасында өңірлік қолбасшылықтың үздік сержанттары мен сарбаздары атағына бақ сынасу өз мәресіне жетті. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.