Оңтүстік Осеттия Республика күнін атап өтуде

АСТАНА. Қыркүйектің 20-сы.  ҚазАқпарат  - Оңтүстік Осетия  бүгін Республика күнін атап өтуде.

 Бұл елдің астанасында   әскери   парад ұйымдастырылып, Қорғаныс министрлігінің,       Шекара  қызметінің  және  Милицияның Айрықша тапсырмалар  жөніндегі     жасағының бөлімшелері   маршпен өтеді. Елдің  Қорғаныс министрлігі  мен   осында орналасқан  РФ  Қарулы күштері    төртінші  базасының  бірлескен әскери оркестрінің  орындауында, алғаш  рет  Оңтүстік  Осетия  Республикасының   әнұраны     орындалады,    деп  хабарлады ИТАР-ТАСС тілшісіне    қорғаныс ведомствосының баспасөз қызметінен.

 Салтанатты шараға  қатысу  үшін Оңтүстік Осетияға      Абхазиядан,  Приднестровьеден,  Таулы Қарабахтан,  Солтүстік Кавказ  республикаларынан     делегациялар  келеді.     Оңтүстік Осетия  Президенті Эдуард Кокойты   үкімет мүшелерімен  және    салтанатқа қатысуға келген     ресми қонақтармен бірге, отан қорғаушылар ескерткішіне  гүл шоқтарын қояды.

 Республика  күні Оңтүстік Осетияда 19-шы рет  аталып өтіледі.   1990 жылы   Оңтүстік Осетия  өзін  анықтау  құқығын пайдаланған  болатын.   Оңтүстік Осетия автономиясының  таратылуы  туралы Грузия Жоғарғы Кеңесінің  шешіміне  жауап ретінде облыстық кеңес депутаттары    қыркүйектің   20-сында         КСРО   құрамында  Оңтүстік Осетия Демократиялық Республикасының  құрылғаны туралы     жариялаған болатын.