БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик хабарлағандай, адамды кепілге алуға қатысты екі оқиға да Малакаль қаласындағы аэродромда орын алған.
Кепілге алынғандардың бірі бір аптадан бері содырлардың қолында, екіншісін бейсенбі күні ұрлап кеткен.
Дюжаррик мәлімдегендей, МООНЮС ДАБ (дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы) қызметкерлерінің кепілге алынғанына нарзылық білдіріп, Оңтүстік Судан билігімен және Халықтық Суданды азат ету әскерімен өзара бірлесіп, оларды босатуға күш салуда.