Оңтүстік Суданның өкіметі астанасын көшіруге ұйғарды

АСТАНА. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат - Оңтүстік Суданның үкіметі астанасын Джубадан Рамсель қаласына көшіруге ұйғарды. Бұл туралы Би-Би-Си хабарлады.

Джуба қаласының аумағында тұратын Орталық Экватория штатының жергілікті үкімет орындары орталық өкіметке жаңа мемлекеттік ғимараттар салу үшін қажетті жер бөлуден бас тартты.

Осы себептен үкімет Джубадан кетіп, астананы Рамсель қаласына көшірмек. Көші-қонға алты жылға жуық уақыт кетуі мүмкін, өйткені Рамсельде көптеген үкіметтік нысандарды салу қажет. Рамсель - Джубаның солтүстігіне қарай 240 шақырым жерде орналасқан.