Оңтүстікқазақстандықтар Отан қорғаушы күнін атап өтті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында «7 мамыр  -  ҚР Отан қорғаушылар күніне» арналған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиынға Шымкент қаласының әкімі Н.Сауранбаев қатысып, жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтады, деп хабарлайды  ҚазАқпарат ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұнан соң, елдің қорғаныс қабілетін күшейтуге, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, азаматтардың мүдделері мен құқықтарын, заңдылықты қорғауға үлес қосқан 21 азаматқа «Мінсіз қызметі үшін» медалі, облыс әкімінің грамотасы мен алғыс хаты тапсырылды.

Айта кетейік, биыл Қазақстанның Қарулы Күштерінің құрылғанына 26 жыл. Уақыт талабына сай әскеріміз жаңарып, оның күш-қуаты жылдан-жылға нығайып келеді. Ал бұл өңір - еліміздің Оңтүстік қақпасы. Аймақта Шымкент горнизонына қарасты 10 әскери құрылымдық бөлімдер Оңтүстік шекараның тұтастығы мен тыныштығын сақтауда қызмет етуде.

 

Салтанатты жиын арнайы дайындалған мерекелік концертке ұласты. Шара соңында жиналғандар «Отар» әскери базасында өткен салтанатты шеруді тікелей эфирден тамашалады.