Оңтүстік Кореядағы ең биік ғимаратты бағындыруға спортшының шамамен екі жарым сағаттай уақыты кетті.
YouTube видеотрансляцияны осы ғимараттың арнасынан жүргізді.
«Бұл күрделі болды. Мен жоғары көтерілген кезде ұстайтын, аяқ тірейтін жерлер тарыла бастады»,-деді биіктікті бағындырғаннан кейінгі әңгімесінде альпинист.
Оңтүстіккореялық Ёнхап агенттігінің атап өтуінше, Джейн бірінші сыныпты атлет. 11 жылдан бері ол азиялық жарыстарға үзбей қатысып келеді. Әлемдің деңгейдегі 25 жарыстың жеңімпазы.