Оңтүстіккореялық сот бұрынғы президент Пак Кын Хені тұтқындауға ордер берді
10:05, 30 Наурыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстіккореялық сот бұрынғы президент Пак Кын Хені тұтқындауға ордер берді. Бұл туралы WTN телеарнасы хабарлады.
ТАСС-тың жазуынша, Корея Республикасының прокуратурасы сотқа тиісті өтінімді 27 наурызда жіберді. Осылайша, сот экс-президент атына тергеу таққан айыппен келісті. Олардың бастысы пара алу және билікті теріс пайдалану болып табылады.