Облыс әкімдігінде өткен шараға 40 фармацевтикалық ұйым басшысы қатысты. Нәтижесінде отандық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіруші компаниялар мен шетелдік тауарлардың ресми дистрибьюторлары 150 дәрілік заттың бағасын жыл соңына дейін көтермейтін болып келісті.
Сондай-ақ меморандумға сәйкес, аталмыш 150 препараттың әлеуметтік маңызы зор деген 13-інің бағасы едәуір төмендетіледі.
«Осылайша біз облыс тұрғындарының басым бөлігіне қолдау көрсетеміз. Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдап, келісімге қол қойып отырған дәріхана басшыларына Оңтүстік жұртының атынан ризашылығымды білдіремін», - деді өңір басшысы.