Мәжіліске аудан, қала әкімдіктері мен басқарма басшылары және нысан құрылысын жүргізіп жатқан мердігерлер, техникалық қадағалаушы мекемелер қатысты. Жиында облыс аумағындағы әлеуметтік және тұрғын үй құрылысы нысандарының құрылыс-монтаж жұмыстары мен жобалау-сметалық құжаттамалардың әзірлену барысы талқыланды. Аталған штаб отырысында облыс әкімінің бірінші орынбасары құрылысы жүргізіліп жатқан нысандардың мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржыларының мерзімінде толық және сапалы игерілуін қадағалауды тапсырды. Сондай-ақ, құрылыс жұмыстарының барысын бақылап, нысандардың мерзімінде пайдалануға берілуін қадағалауға аудан және қала әкімдіктері мен салалық басқармалары басшылары жауапты екенін мәлімдеді.
14:03, 26 Қыркүйек 2017
Оңтүстікте биыл әлеуметтік 116 нысанның құрылысы аяқталады
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында биыл 209 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Аталған нысандардың 116-сы жыл соңына дейін тапсыру жоспарланса, 93 нысан келер жылға өтпелі. Бұл туралы бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалдының төрағалығымен штаб отырысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.