Оңтүстікте кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселесі талқыланды
Жиында ОҚО IIД ӘПБ бастығының орынбасары С.Ботабеков кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу барысында атқарылған жұмыстарды баяндады. Бұл орайда жалпы бiлiм беру ұйымдарына бекiтiлген мектеп инспекторларының ерекше рөл атқаратынын атап өттi, деп жазады «Оңтүстiк Қазақстан» газеті..
Сорақы фактiнiң бiрi - Шымкент қаласындағы №41 жалпы орта мектебiнiң Д. А. есiмдi оқушысы 7 мәрте қылмыс жасап үлгерiптi. Осыған орай жасөспiрiмдер тәрбиесiне ата-ана, мектеппен қатар, жастар орталығы, қоғамдық ұйымдар да белсендi атсалысу қажеттiгi сөз болды. Сонымен бiрге, мәлiметтер жиынтығын құру да отырыстың басты тақырыбына айналды.
Жиынға қатысушылар көкейтестi мәселенi жан-жақты талқылай келе жасөспiрiмдер тәрбиесi мәселесiне бiржақты қарамай, оған қоғамдық тұрғыдан мән берiп, қиын балаларды түзу жолға салудың мүмкiндiктерiн бiрлесiп iздестiру қажеттiгiн айтты.
Айта кетейік, жыл басынан бергi 8 айда облыс көлемiнде кәмелетке толмағандардың 224 құқықбұзушылық фактiсi тiркелiптi. Былтыр дәл осы уақытта бұл көрсеткiш 249-ды құраған еді.