Оның айтуынша, облыста шегірткелердің 122 түрі болса, соның 4 түріне залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Қалған түрінен шаруаларға келер қауіп жоқ. Саяқ шегірткелердің көбею орындарында мароккалық шегірткелердің аралас болуына байланысты өңдеу жұмыстары «Өсімдік қорғау» ЖШС-мен бірлесе жүргізілді. Өңдеу жұмыстарына 22 техника жұмылдырылып, нәтижесінде 26,7 мың га жер залалсыздандырылды.
Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында басқарма басшысы ОҚО аумақтық инспекция тарапынан 91,37 мың га алқапқа марокко шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілгенін айтты.
Брифингте ҚР АШМ АӨК МИК ОҚО аумақтық инспекцияның өкілі осы жылы көктем айлары өте қолайсыз болып, жиі жауған жаңбыр мен шөптің биік өсуі әсерінен жүргізілген өңдеу жұмыстары күтілген нәтижені бермегенін айтты.
Осының салдарынан мароккалық шегірткелер қоныстанған алаңдар 27,6 мың га дейін ұлғайған. Бүгінде зиянкестерді жою бағытындағы жұмыстар еселеніп, республикадан қосымша қаржы бөлінді. Мамандар шегірткемен күрес жұмыстарын ауа-райы қолайлы болып тұрса 3-4 күннің ішінде аяқтауды жоспарлап отыр.