Жиында облыс көлеміндегі киелі жерлер тізіміне енген тарихи ескерткіштердің күту туралы сөз болды. Мамандардың айтуынша, қазір аймақта Ордабасы тауындағы және Созақтағы «Таңбалы тас» ескерткіштерінде, Отырар қалашығында зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта облыстық бюджеттен арнайы қаржы қаралуда.
«Мәдени мұраларды кеңінен насихаттау мақсатында өткен жылы анимациялық фильмдер түсірілген болатын. Бұл фильмдер халық арасында үлкен қызығушылық танытты. Биыл тағы да кітаптар шығарып, деректі фильм түсіру ісі қолға алынбақ. «Хан Қорған» қалашығын анықтау мақсатында да бірқатар жұмыстар жасалып жатыр»,- дейді облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы тарихи мәдени мұраларды сақтау бөлімінің басшысы Эльвира Момынова.