Ауданда «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша биыл 2 мыңнан астам азамат қайта оқуға жіберілген. Күні бүгінге дейін солардың тең жартысы қайта даярлықтан өтіп үлгерді. Әзірге 3-тен бірі тұрақты жұмысқа тұрған. Жәрмеңкеде бағдарлама бойынша қысқа кәсіби даярлықтан өткен азаматтарға сертификат табыс етіліп, облыс әкімінің акциясы аясында тарту-таралғылар жасалды. Әрі оларға бос жұмыс орындары ұсынылды.
Айта кетейік, облыста қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 12 мыңнан аса азамат жіберілсе, оның 5 мыңнан астамы оқуын бітірген. Тағы бір жарым 1,5 мыңға жуық тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев жаңа жылдан бастап жұмыс орындарының көптеп ашылатын жеткізді. Оның айтуынша, бүгінде басқарма мемлекеттік, бюджеттік мекемелердегі еңбек нарығына тұрақты мониторинг жасап, кәсіпорындардағы бос жұмыс орындарына да талдау жүргізіп отырады. Бұл тұрғындарға дер кезінде екі қолға бір күрек ұсынудың жолы болмақ.