«Қолайсыз ауа райына және Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы автомобиль жолдарының жабылуына байланысты жолаушыларды межелі жерге өз уақытында жеткізу үшін барлық қажетті шаралар жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта Тараздағы Жамбыл станциясынан облысаралық автобусқа билет алып, жолға шыға алмай қалған 200-ден астам жолаушы пойызға отырады», - делінген мекеме хабарламасында.
Аталған жолаушылар №21 «Семей-Қызылорда», №55 «Көкшетау-Қызылорда» және №23 «Алматы-Ақтөбе» пойыздарына жайғастырылады.
Ұлттық тасымалдаушының құрылымдық бөлімшелері мен орталық аппараты күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп атап өтті компания.