Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған жарыс өте тартысты өтті. Барлық командалар жарысқа жақсы дайындықпен келген.
Ақтық сайысқа Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының спортшылары мен Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері шықты. Аса тартысты өткен бәсекеде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының аяқдопшылары жеңіске жетіп, бас жүлдені алды. Үшінші орын Мардан Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтының «Парасат» колледжінің спортшыларына бұйырды.
Жүлделі орындардан бөлек, ойын барасында көзге түскен үздіктер де марапатталды. Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің студенті Хусеин Кураев «Үздік қақпашы» атанса, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Қанат Лес «Үздік шабуылшы» деп танылды. Ал Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенті Саламат Ибрагимов «Үздік ойыншы» атағына ие болды.