Спутниктік қарғыбау арқылы мамандар Алтайдың қай бағытта жүретінін, қандай аумақтарды мекендейтінін және қаншалықты алысқа қозғалатынын бақылайды. Бұл мәліметтер ілбістің тіршілігін зерттеп, оны қорғау жұмыстарын жоспарлау үшін қажет.
Ілбіс көбіне адам бара бермейтін биік тауларда тіршілік етеді. Оны табиғи ортасында бақылау қиын болғандықтан, спутниктік құрылғы зерттеушілерге жануардың қозғалысы туралы нақты деректер алуға мүмкіндік береді.
16 қазанда Ереванда өткен COP17 саммитінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы ілбістің саны шамамен 190 дараққа жеткенін атап өтті. Президент бұған табиғатты қорғау және ғылыми бақылау жұмыстарының нәтижесінде қол жеткізілгенін айтты.
— Қарғыбауды орнатуға Катонқарағай ұлттық паркінің қызметкерлері Е. Қасымов, Ж. Аманбаев және Зоология институтының мамандары А. Грачев, М. Беспалов, С. Беспалов, С. Сапарбаев қатысты. Аталған жұмыс Pernod Ricard Kazakhstan компаниясының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр, — делінген хабарламада.
Алдағы уақытта спутниктен алынған мәліметтер негізінде Алтайдың жүретін жолдары мен мекендейтін аумақтары зерттеледі. Бұл Оңтүстік Алтайдағы қар барысын қорғау үшін қажет ақпаратты толықтыруға көмектеседі.
Еске салайық, бұған дейін Алматы маңында туристер ілбісті кездестіргенін жазғанбыз.