Оңтүстік арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылымын жөндеуге 122 млн теңге бөлінді - прокуратура

Фото: gov.kz

Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында143,8 млрд теңгені құрайтын 60 жоба орналасқан, деп хабарлайды Kazinform.

Прокурорлардың инвесторлармен кезекті кездесуінде АЭА инженерлік инфрақұрылымының сәйкес келмеуі, яғни су құбырлары мен электр желілерін жөндеу қажеттілігі туралы мәселелер айтылған.

«Инфрақұрылымды жөндеуге және жаңартуға қаржыландыру бөлінбеген.

Бұл жұмыс істеп тұрған 35 инвестициялық жобаға электр қуаты мен сумен жабдықтаудың үзілуіне әкелуі мүмкін болған.

Қала прокуратурасы қалыптасқан жағдайды және бар тәуекелдерді талдап, әкімдікке ұсыныс енгізді, оның нәтижесінде тозығы жеткен инженерлік жүйелерді жөндеуге 122,4 млн.теңге бөлінді», - деп жазды бақылаушы органнан.

Қазіргі уақытта инженерлік жүйелерді жөндеуге конкурс жарияланды.