Оңтүстік Каролинадағы барда атыс болып, 4 адам қаза тапты

Фото: ANEWZ

АСТАНА. KAZINFORM — Оңтүстік Каролина штатының Сент-Хелена қаласындағы адамдар көп жиналатын барда атыс болып, 4 адам қаза тапты. Тағы 20 адам жараланды, деп хабарлайды Anewz.

Бофорт округінің шериф кеңсесінің мәліметінше, атыс кезінде жүздеген адам Willie’s Bar and Grill-ге жиналып, зардап шеккендер мен куәгерлер қауіпсіздік үшін жақын маңдағы ғимараттарға қашып кеткен.

Депутаттардың айтуынша, 4 адам оқиға орнында қаза тауып, 20 адам жараланған. Олардың 4-уі ауыр халде жергілікті ауруханаларда жатыр.

Шериф кеңсесі тергеу жалғасып, билік күдіктілерді іздеп жатқанын хабарлады. Әзірге атыс қасақана немесе кездейсоқ болғаны белгісіз.

Биыл АҚШ-та көшеде немесе қоғамдық орында оқу ату қылмысы артып отыр.

Осыған дейін Солтүстік Каролина штаты Саутпорт қаласында белгісіз ер адам бар маңында оқ атып, салдарынан үш адам қаза тапқан болатын.