Алғашқы көшіру жұмыстары 2027 жылы басталып, өңірлердің теңгерімді дамуына бағытталған стратегияның бір бөлігі болмақ.
Үкіметтің мәліметінше, Әділет министрлігі мен Гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі министрлік келесі жылдың бірінші жартысында Седжон қаласына көшіріледі. Қала Оңтүстік Корея астанасынан шамамен 110 шақырым оңтүстікте орналасқан.
Премьер-министр Хан Сон Сук ведомстволарды көшіру мемлекеттік басқару функцияларының астанада шоғырлануын азайту жолындағы маңызды қадам болатынын атап өтті. Оның айтуынша, 2029 жылға қарай Седжонда Президент кеңсесі, ал 2030 жылға қарай Ұлттық жиналыс залы салынып бітеді.
Ішкі істер министрі Юн Хо Чжун көшірілетін ведомстволардың түпкілікті тізімі жыл соңына дейін белгілі болатынын хабарлады. Сыртқы істер министрлігін де көшіру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.
Бағдарлама басталған 2012 жылдан бері Седжонға Премьер-министр кеңсесін қоса алғанда, 44 мемлекеттік ұйым көшірілді. Алдағы жылдары тағы 350 мекемені көшіру жоспарланған. Сонымен қатар функцияларды біріктіру және реформалар нәтижесінде мемлекеттік құрылымдардың саны 109-ға қысқарады.
— Біз мемлекеттік мекемелерді жаңа сын-қатерлерге сай болатындай етіп реформалап жатырмыз, — деді Хан Сон Сук.
Оның айтуынша, кейбір ведомстволар заңнамаға өзгеріс енгізуді қажет етпей-ақ, жоспарларын бірден жүзеге асыра бастайды.
Бұған дейін Қазақстан мен Оңтүстік Корея ақпараттық қауіпсіздік және жасанды интеллект бағыттары бойынша қос диплом бағдарламасын іске қосатыны хабарланған.
Айта кетелік Оңтүстік Корея үкіметінде ірі кадрлық өзгеріс болатыны туралы жазған едік.