Оңтүстік Корея Статистика министрлігінің мәліметінше, биыл елде 3,5 млн тонна күріш өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,9 пайыз аз. 1965 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан статистикада мұндай төмен нәтиже төртінші рет тіркеліп отыр.
Биыл күріш егілген алқаптың жалпы көлемі былтырғыдан 1,1 пайызға азайып, 670 мың гектарды құрады. Бұл — бақылау жүргізілген бүкіл кезеңдегі ең төменгі көрсеткіш.
Күріш Оңтүстік Корея халқының негізгі азық-түлігі саналады. Алайда соңғы бірнеше онжылдықта тұрғындардың тамақтану дағдысы өзгеріп, күріш тұтыну көлемі біртіндеп азайған.
Үкіметтің күріш егілетін алқап көлемін реттеп, шаруаларды өзге дақылдарды өсіруге ынталандыруы да өнім көлемінің төмендеуіне себеп болды.
Бұған дейін Қазақстанда күріш экспорты 25%-дан астам өскені хабарланған болатын.