Солтүстік Кореяның бір топ әскері жергілікті уақыт бойынша сағат 12:30 шамасында шекараның орталық бөлігінде екі Кореяны бөліп тұрған қарусыздандырылған аймақтағы әскери демаркация сызығын кесіп өтті.
Дауыс зорайтқыш және ескерту оқтарынан кейін Солтүстік Корея әскерилері шекараның өз жағына оралды.
Елдің Біріккен Штаб бастықтары комитетінің хабарлауынша, ескерту оқтары атылғаннан кейін «ерекше әрекет болған жоқ».
Ақпаратты Yonhap серіктес агенттігі Kazinform үшін арнайы ұсынды.