Оңтүстік Кореяның Мұхиттар және балық шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, әңгіме шетелдік тараппен жасалған чартерлік келісім бойынша кореялық кеме компаниясы пайдаланатын газ тасымалдаушы кеме туралы болып отыр. Кеме бортында кореялық экипаждың сегіз мүшесі бар.
Кеменің атауы, компания және шетелдік фрахтаушы туралы мәліметтер жарияланған жоқ. Министрлік бұл шешім кореялық жүк жөнелтуші мен шетелдік фрахтаушы арасындағы консультациялар қорытындысы бойынша қабылданғанын мәлімдеді.
Сондай-ақ кеменің Оңтүстік Кореяға бағыт алмағаны хабарланды. Соңғы оқиғадан кейін Ормуз бұғазында қалған оңтүстіккореялық кемелер саны 25-тен 24-ке, ал кореялық теңізшілер саны 147-ден 139-ға дейін азайды.
Өткен айда Оңтүстік Кореяның HMM кеме қатынасы компаниясына тиесілі Universal Winner мұнай танкері бұғаздан сәтті шығып, осындай алғашқы жағдай ретінде тіркелген еді. Бұл жолы да кеме сәрсенбі күні Оңтүстік Кореяның оңтүстік-шығысындағы Ульсан порт қаласына жетіп, 2 миллион баррель шикі мұнай жеткізді.
Еске сала кетсек, Иран Оңтүстік Кореяның мұнай танкеріне жасалған шабуылға қатысы жоқ екенін мәлімдегенін жаздық.
Сондай-ақ, Иран Оңтүстік Кореяның мұнай танкеріне жасалған шабуылға қатысы жоқ екенін мәлімдеді.