Оңтүстік Корея президенті елдегі әскери жағдайды алып тастайды. Жақында Үкімет отырысы өтеді.
Юн Сок Ёль бұған дейін төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге бағытталған әскерилер кері қайтарылғанын атап өтті.
Еске салсақ, бұдан бұрын Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль халқына жолдау жасап, елде әскери төтенше жағдай жариялаған еді. Осыған байланысты Кореядағы Қазақстан елшілігі қазақстандықтарға үндеу жасады.
Кейіннен Корея парламенті елде әскери жағдай режимін алып тастауды талап еткені белгілі болды.