Ли Азаттық күніне орай сөйлеген сөзінде Корей түбегін ядролық қарусыздандыру туралы өз көзқарасын білдірді.
— Біз Солтүстік Кореяның қазіргі жүйесіне құрметпен қарайтынымызды растаймыз және дұшпандық әрекеттерге бару ниетіміз жоқ екенін мәлімдейміз, — деді Ли салтанатты рәсімде.
Бірақ ол Солтүстік Корея Корей түбегіндегі бейбітшілік үшін ядролық қарудан толық бас тартуы керек деген сенімін білдірді.
Бір күн бұрын Солтүстік Корея көшбасшысының әпкесі Ким Ё Чжон Пхеньян Сеулмен қарым-қатынасты жақсартқысы келмейтінін мәлімдеді.
Оның айтуынша, оңтүстіккореялық БАҚ мәлімдемелеріне қарамастан, Солтүстік Корея шекаралас аймақтардағы дауыс зорайтқыштарды бөлшектемеген және мұны істегісі келмейді.
Бұған дейін Оңтүстік Корея шекара бойындағы дауыс зорайтқыштарды бөлшектеуге кіріскен болатын.