Оңтүстік Корея президенті НАТО саммитіне қатыспайтын болды
АСТАНА. KAZINFORM – Президент Ли Чже Мен Солтүстікатлантикалық альянс (НАТО) саммитіне қатыспайды. Оған елдегі басым бағыттағы істер мен Таяу Шығыстағы күн санап, ушығып келе жатқан шиеленіс себеп болып отыр, деп хабарлайды Yonhap.
Президент Ли Чже Мен осы аптада, сейсенбі мен сәрсенбі күндері Нидерландта өтетін саммитке қатысу мүмкіндігін қарастырып отырған еді.
Алайда президент оның әкімшілігінің хабарлауынша, АҚШ-тың жақында Иранның үш ядролық нысанына соққы беруіне байланысты жиынға бармайтын болып шешті.
- Ұлықтау рәсімінен кейін қалдыруға болмайтын мемлекеттік істерге қарамастан үкімет президент Ли-дің НАТО саммитіне қатысуын қарастырып жатқан еді, - деп мәлімдеді президенттің баспасөз хатшысы Кан Ю Чжон.
Алайда көптеген ішкі мәселелелерді жан-жақты саралай келе және Таяу Шығыстағы шиеленісті назарға ала отырып, президент саммитке қатыспайтын болып шешті.
Жапония Премьер-министрі Сигэру Исиба да НАТО саммитіне қатысу үшін жоспарлаған сапарын өзгертуді ойлап отыр, деп хабарлады Kyodo News дереккөзі.
Осыған дейін НАТО саммитінде Таяу Шығыстағы қақтығыстар талқыланбайтыны туралы жазған едік.