Санкциялар дүйсенбі күні күшіне енеді.
Оңтүстік Кореяның Сыртқы істер министрлігі 15 маманның 14-і заңсыз кибер операциялар арқылы шетелде табыс табу үшін жұмыс істеді деген күдікке ілінгенін хабарлады. Бұл қаражат КХДР-да ядро және зымыран дамытуға жұмсалды.
Барлық мамандар қару-жарақ өндірумен және осы саладағы зерттеулермен айналысатын Солтүстік Кореяның әскери өнеркәсіп департаментінің 313 бюросымен байланысты.
Бюро солтүстіккореялық IT мамандарын Қытайға, Ресейге, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Африкаға жіберумен айналысады деген болжам бар.
Осы бюромен байланысы бар тағы бір маман АҚШ пен Канададағы IT-компанияларында жалған атпен жұмыс істеп, Пхеньянға көлемді ақша жіберген.
Оңтүстік Корея сонымен қатар IT мамандарын шетелге жіберіп, кірісті Солтүстік Корея режиміне бағыттады деген күдікке ілінген Chosun Kum Jong Economics Information Technology Exchange Co. компанияларын санкциялар тізіміне қосты.
БҰҰ-ның 2024 жылғы панельдік баяндамасында Солтүстік Кореяның криптовалюта ұрлығынан түскен табыстың 40% жаппай қырып-жоятын қару бағдарламаларына жұмсағаны анықталды.
Айта кетейік, қазан айында КХДР Корея Республикасымен автомобиль және теміржол қатынасын толығымен үзген болатын. Солтүстік Корея да Оңтүстік Кореяны «дұшпан мемлекет» деп жариялап, бұл анықтаманы конституциясына енгізді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Оңтүстік Корея валютасы соңғы 15 жылдағы ең төменгі деңгейге жеткенін жазған едік.