Оңтүстік Корея соты премьер-министрдің міндетін атқарушыға импичмент жариялау туралы өтінішті қабылдамады
АСТАНА. KAZINFORM – Корея Республикасының Конституциялық соты Ұлттық ассамблеяның (парламент) уәждерімен келіспей, премьер-министр Хан Док Суға импичмент жариялаудан бас тартты, деп хабарлайды ТАСС.
- 24 наурызда Конституциялық сот премьер-министр Хан Деок Суға қатысты импичмент туралы өтінішті қабылдамау туралы шешім қабылдағанын жариялады, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Премьер-министрге импичмент жариялауды сегіз судьяның біреуі ғана қолдады. Нәтижесінде Хан Дук Су қызметіне қайта оралды және оған президент міндетін атқарушы мәртебесі де қайтарылды.
- Конституциялық соттың бес судьясы импичментті қабылдамау қажет деп санаса, біреуі қолдады, тағы екеуі өтінішті қанағаттандырудан бас тартуды (формалды негіздің жоқтығына байланысты) қажет деп тапты, - делінген жарияланымда.
Атап өтілгендей, кейбір сарапшылардың пікірінше қазіргі шешім Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ельға осыған ұқсас іс бойынша қандай үкім шығарылуы мүмкін екендігінің көрсеткіші болуы мүмкін.
Еске сала кетсек, Юн Сок Ёль елде әскери жағдайдың енгізілуіне байланысты көтеріліс жасады деген айыппен ұсталған еді.
Оңтүстік Корея президенті артынша әскери жағдай енгізгені үшін кешірім сұрады.
Содан кейін парламент президентке импичмент жариялады.
Сеул соты Юн Сок Ёлды қамауға алу туралы ордер шығарды.
Кейін Оңтүстік Корея президенті тергеу изоляторынан босатылды.
Kazinform үшін арнайы ТАСС серіктес агенттігі ұсынған.