Оңтүстік Корея Жапон теңізіне қарай бірнеше баллистикалық зымыран ұшырды

АСТАНА. KAZINFORM — Оңтүстік Кореяның Қарулы күштері Солтүстік Кореяның Жапон теңізіне қарай бірнеше баллистикалық зымыран ұшырғанын тіркеді, деп хабарлайды Kazinform Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: Yonhap

Оңтүстік Корея Біріккен штабтар комитетінің мәліметінше, зымырандар Пхеньян маңынан таңғы сағат 9:20 шамасында ұшырылған. Олардың бірі 900 шақырымнан астам қашықтықты еңсерген.

Солтүстік Корея бұған дейін 3 қазанда Вонсан қаласы маңынан Жапон теңізі бағытында баллистикалық зымыран ұшырған еді.

Келесі күні Солтүстік Кореяның мемлекеттік БАҚ-тары Пхеньянның стратегиялық мақсаттағы орта қашықтыққа ұшатын зымыранды сынақтан өткізгенін хабарлады. Сынақ «гипердыбыстық стратегиялық қару жүйесімен» жабдықталған зымыран бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігін пысықтау мақсатында жүргізілген.

Бұл сынақ Оңтүстік Кореяның бейсенбі күні гипердыбыстық сырғу аппаратын (HGV) алғаш рет сынаған соң бірнеше күннен кейін жүзеге асты.

Бұған дейін Сеул Солтүстік Кореяның белгісіз снарядтар ұшырғанын хабарлағанын жазған едік.