- Жергілікті биліктің алдын ала мәліметі бойынша Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақ жолаушыларының арасында Қазақстан азаматтары болған жоқ, - делінген министрлік таратқан хабарламада.
Осыған дейін Оңтүстік Кореяның Муан халықаралық әуежайында бортында 181 адамы бар жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, кем дегенде 47 адам қаза тауып, тағы көп адам жараланғаны туралы жаздық.
Кейінірек ұшақ апатынан 181 адамның 179-ы мерт болғаны хабарланды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, екі адамды ғана аман алып қалу мүмкін болған. Олардың біреуі жолаушы, екіншісі экипаж мүшесі.