Жарыс 19-20 тамыз күндері «Kids EXPO: бәрі балалар үшін» халықаралық көрме-жәрмеңкесі аясында өтті.
Турнирге 8, 10 және 12 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар қатысты.
Қазақстан құрамасы сапындағы ең үздік нәтижені Закария Амиров көрсетті.
8 жасқа дейінгі балалар арасында ол рапидтен жеті мүмкін ұпайдың алтауын жинап, турнир жеңімпазы атанды.
Закария блиц сайысында қола жүлдеге ие болды.
Қазақстан қоржынына тағы екі медальді 10 жасқа дейінгі қыздар арасында өнер көрсеткен Ақниет Күмісбай салды.
Ол рапидтен де, блицтен де үшінші орын алды.
Еске сала кетейік, бұған дейін елордалық ағайынды жас шахматшылар Азия чемпионы атанды.