Оңтүстік Кореяда ит етін жеуге тыйымсалынды: фермалардың 70%-ы жабылды

Фото: Yonhap

АСТАНА. KAZINFORM — Оңтүстік Кореяда ит етін өндіретін жеті фермаға шаққанда жетеуі жұмысын тоқтатты. Бұл елде бір жыл бұрын арнайы заң қабылданғаннан кейін орын алды, деп хабарлайды Yonhap.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, елдегі 1 537 ит етін өндіретін ферманың 1 072-сі (70%) 2024 жылғы тамызда күшіне енген заңнан кейін жабылды. Жабылған фермаларда 346 мың ит болған, бұл елде ет үшін өсірілетін 468 мың иттің 74%-ын құрайды.

Министрлік 2025 жылдың соңына қарай мұндай фермалардың 75%-дан астамы жабылады деп болжап отыр. Ведомство өкілі бұл көрсеткіштің күткеннен жоғары болуын қоғамның ит етін тұтынуға тыйым салуын «біздің ұрпақтың міндеті» екенін түсінуімен және мемлекеттік ынталандыру шараларымен байланыстырды.

Арнайы заң итті ет үшін өсіруге, союға, таратуға және сатуға тыйым салады. Сондай-ақ бұл саладағы адамдарға мамандық ауыстыру үшін субсидия қарастырылған.

2027 жылдан бастап үш жылдық өтпелі кезең аяқталған соң, заңды бұзғандарға екі жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе 30 млн вонға (шамамен 21 753 АҚШ доллары) дейін айыппұл салу қарастырылады.

Еске сала кетейік, 2024 жылы Оңтүстік Кореяның Ұлттық жиналысы ит етін жеуге тыйым салатын арнайы заң қабылдаған еді. Сол кезде ел тұрғындарының 90%-ы ит етін тұтынуға қарсы екенін мәлімдеген. 

Айта кетелік Оңтүстік Корея соты экс-бірінші ханымды қамауға алуға санкция берген еді