Оңтүстік Кореяда температуралық рекорд орнатылды

АСТАНА. KAZINFORM – Жексенбі күні Оңтүстік Кореяның оңтүстік-шығысындағы Янсан қаласында 42,5°C температура тіркелді. Бұл Корей түбегінде 1904 жылдан бері сақталып келе жатқан заманауи метеорологиялық жазбалардағы ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Yonhap ақпарат агенттігі.

Фото: Yonhap

Корея метеорологиялық басқармасының (KMA) мәліметінше, Сеулден оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 310 шақырым жерде орналасқан Янсандағы температура жергілікті уақыт бойынша сағат 13:16-да 42°C-қа жетті, ал сағат 13:26-ға дейін ол 42,5°C-қа дейін көтерілді. Жексенбі оңтүстік-шығыс қалада температура бесінші күн қатарынан 40°C-тан асып түскен күн болды.

Сағат 14:14-тегі жағдай бойынша Сеулден оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 240 шақырым жерде орналасқан Кёнджуде да температура 40,3°C-қа дейін көтерілді, бұл қалада биыл термометр бағанасы 40°C-тан асып кеткен бірінші жағдай. 

Үкімет төтенше жағдайларға қарсы күрес штабында үкіметтің төтенше ыстыққа қарсы іс-қимылын күшейту үшін «екінші деңгейлі» төтенше жағдай енгізді.

Бұл ел үкіметі апатқа қарсы штабының екінші деңгейін үш жылда алғаш рет іске қосуы. Сондай-ақ үкімет халықты ашық ауадағы іс-шаралардан аулақ болуға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды. 

Дүйсенбіде аптап ыстық батысқа қарай таралып, Сеулде күндізгі температура 38°C-қа дейін жетеді. Корея метеорологиялық агенттігінің мәліметінше, соңғы бес жылда елдегі орташа жылдық қалыптан тыс ыстық күндер саны екі еседен астамға артып, 19-ға жетті.

Оңтүстік Кореядағы рекордтық аптап ыстық әлемнің әртүрлі аймақтарындағы экстремалды ауа райы оқиғалары кезінде болды. Жапония билігі ондаған префектурада жоғары температураға байланысты аптап ыстық туралы ескерту жасады. Осыған дейін әлемде аптап, қуаңшылық және су тасқыны қаупі артатыны хабарланды.

Сондай-ақ Германия аптап ыстыққа байланысты суды үнемдей бастағанын жаздық. Ал Францияда биылғы маусымдағы төртінші аптап ыстық басталды. 

Еліміздің 17 өңірінде ескерту жарияланды.