Оңтүстік Кореяда ұшақ шасси ақауына байланысты әуежайға оралды
АСТАНА. KAZINFORM — Бұған дейін шассидегі дәл осындай ақау осы үлгідегі тағы бір ұшақтың апатқа ұшырауына әкелген, деп хабарлайды агенттік Yonhap ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
30 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 06:37–де Кимпхо халықаралық әуежайынан (Gimpo) Чеджу қаласына бағыт алған Jeju Air ұшағы аспанға көтерілді. Көп ұзамай шассиде ақау бары байқалған. Әуе компаниясы бірден жолаушыларға ақау туралы хабарлап, ұшақ 07:25–те Кимпхо әуежайына қайта қонуға мәжбүр болды.
Жолаушылар дәл осындай үлгідегі басқа Boeing B737-800 ұшағына отырғызылды. Алайда 21 жолаушы қауіпсіздікке байланысты бортқа мінбейміз деп шешімін қабылдаған.
Jeju Air ақпаратынша, ұшқыш шасси ақауын анықтағаннан кейін басқару орталығына хабарласқан.
Хабарланғандай, қосымша тексерулерден кейін шассидің дұрыс жұмыс істеп тұрғаны расталды, бірақ капитан тексеру үшін әуежайға оралуды ұйғарды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Муан халықаралық әуежайында Jeju Air ұшағы апатқа ұшырап, 177 адам қаза тапты.
Jeju Air ұшағы жексенбі күні таңертең ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, Муан халықаралық әуежайына шұғыл қонуға әрекеттенді. Ұшақ қоршауға соғылып, айтарлықтай шығын келтіріп, кейін өрт шығып, сөндірілді.