Ұлттық денсаулық сақтандыру қызметінің деректеріне сәйкес, қаңтар-қыркүйек айларында мұндай ваучерлерге берілген өтініштер саны 257 761 болған. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 238 507 еді.
Бұл көрсеткіш түсік тастау жағдайларына байланысты бала туу санына дәл сәйкес келмегенімен, ол туу көрсеткіштеріндегі өзгерістерді көрсететін индикатор ретінде қарастырылады.
Айлық көрсеткіш бойынша, қаңтарда өтініштер саны жылдық есепте азайғанымен, келесі сегіз айда өсім көрсеткен. Маусым-қыркүйек аралығында екі таңбалы өсім тіркеліп, бұл үрдіс келесі жылдың басына дейін жалғасуы мүмкін деген болжам күшейді.
Үкіметтің мәліметіне сенсек, Оңтүстік Кореяда 2024 жылы соңғы тоғыз жылда алғаш рет бала туу саны артқан. Бұған пандемиядан кейінгі неке санының көбеюі, ата-ана болуға деген көзқарастың өзгеруі және демографиялық факторлар әсер еткен.
Еске сала кетейік, бұған дейін Оңтүстік Корея президенті туу көрсеткішін арттырудың тиімді тәсілін ұсынған болатын.