Оңтүстік Кореядағы Қазақстан азаматының жоғалуы: өрттен кейінгі сараптама жұмыстары аяқталған жоқ

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев Оңтүстік Кореядағы өрт кезінде жоғалып кетуі мүмкін Қазақстан азаматына қатысты түсінік берді. 

Фото: СІМ

— Өрттен кейін адам мүрдесі табылды. Бұл ретте оның сүйегі сараптамаға жіберілді, — деді Ерлан Жетібаев министрліктегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, сараптама қорытындысы Оңтүстік Кореядағы дипломаттарға әлі де берілмеген.

— Корея жағынан ақпарат келген кезде, тиісті ақпаратты хабарлаймыз, — деді ресми өкіл.

Айта кетейік, биыл қаңтар айының соңында Оңтүстік Кореядағы зауыттардың бірінде өрт болып, екі шетелдік жоғалып кеткені мәлім болды. Осы орайда бұқаралық ақпарат құралдарында екі адамның бірі Қазақстан азаматы болуы мүмкін екенін хабарланды. 

Айта кетелік ел азаматтарының Оңтүстік Кореядан ерікті түрде шығу бағдарламасы қашанға дейін жалғасатыны туралы жазған едік