Оңтүстік Кореядағы турнирде шыңжаңдық екі қазақ балуаны топ жарды
АСТАНА. KAZINFORM – Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесіндегі (ШҰАӨ) ұлты қазақ балуандар Санджу қаласында (Оңтүстік Корея) күрес түрлерінен өткен Korea Open халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды.
Шыңжаң радио және телевидение станциясының хабарлауынша, Кабиран Абушайманұлы еркін күрестен ерлер арасында 97 келі салмақта чемпион атанса, Уәлихан Серікұлы ерлер арасында грек-рим күресінен 67 келі салмақта топ жарды.
Айта кетейік, Уәлихан Серікұлы – Токиода өткен Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. Ал Кабиран Абушайманұлы – 2024 жылғы Париж Олимпиадасының қатысушысы.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Санджу қаласында күрес түрлерінен өткен Korea Open халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстандық спортшылар бұл cпорттық бәсекеде алты медаль жеңіп алды.