АСТАНА. KAZINFORM — Оңтүстік Кореяның бұрынғы премьер-министрі Хан Док Су сәрсенбі күні 2024 жылы әскери жағдайды қысқа мерзімді енгізуге көмектескені және қолдағаны үшін кінәлі деп танылды
Yonhap агенттігінің хабарлауынша, арнайы прокурор Чо Ын-Соктың командасы елдің бұрынғы премьер-министрін 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған.
Сеул орталық аудандық соты оны 23 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесіп, 2024 жылдың 3 желтоқсанында Оңтүстік Кореяда әскери жағдайдың жариялануы көтеріліс болғанын растады.
Бұған дейін Оңтүстік Кореяда экс-президентке қатысты сот үкімі жарияланатынын жазған болатынбыз.
Зарина Туғанбаева
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Еңбек жолын Ақмола облысы Целиноград аудандық «Ұран», «Призыв» газеттерінде тілші болып бастаған. Kazinform ақпарат агенттігінде 2011 жылдан бері қызмет атқарып келеді.