Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті қайтадан қамауға алынды

Фото: Yonhap

АСТАНА.KAZINFORM — Сот өткен жылдың желтоқсан айында әскери жағдай енгізу әрекеті үшін Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёльді қамауға алу туралы ордер берді, деп хабарлайды Yonhap

Сеул орталық аудандық соты бұрынғы президент айғақтарды жойып жіберуі мүмкін деген алаңдаушылық білдіріп, арнайы прокурор Чо Ын Соктың өтініші бойынша ордер шығарды.

Чоның командасы бес негізгі айып бойынша, соның ішінде Юн Сок Ёльдің 3 желтоқсанда әскери жағдай жарияланғанға дейін өткен жиналысқа тек кейбірін ғана шақырып, министрлер кабинеті мүшелерінің құқықтарын бұзды деген айып бойынша ордер сұрады. Юн мен оның адвокаттары тыңдауға қатысып, барлық айыпты жоққа шығарды, содан кейін бұрынғы президент тергеу изоляторына жеткізілді.

Бұл Юн Сок Ёлдің екінші рет тұтқынға алынуы. Біріншісі қаңтарда, ол әлі президент болған кезде болды, бірақ кейін сот қамауға алуды алып тастау туралы өтінішті қанағаттандырып, наурызда оны босатып жіберді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Сеул полициясы ордер бойынша шешім жарияланғанға дейін қаланың оңтүстік бөлігіндегі сот ғимаратының айналасына 2 мыңға жуық офицер мен 350-ге жуық техниканы, соның ішінде қорғаныс бөгеттерін орналастыруды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, арнайы прокурор Чо Ын Сок Юн Сок Ёльді тұтқындауға ордер беру үшін тағы да сотқа жүгінді.

Еске салсақ Оңтүстік Кореяның Конституциялық соты президент Юн Сок Ёльға импичмент жариялауды қолдаған еді