Оңтүстік Кореяның экс-президенті қамауда қала береді
АСТАНА. KAZINFORM — 18 шілде күні сот Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёльдің қамаудан босату туралы өтінішін қанағаттандырмады, деп хабарлайды Yonhap.
Осылайша Юн Сок Ёль 2024 жылдың желтоқсанында әскери төтенше жағдай енгізуге тырысқанына байланысты қозғалған іс аясында қамауда қала береді.
Сеулдің Орталық округтік соты экс-президент Юн Сок Ёльдің қамауға алынуының заңдылығына қатысты тыңдаудан бірнеше сағат өткен соң шешім шығарды.
Еске салайық, Юн Сок Ёль 2024 жылдың желтоқсанында әскери төтенше жағдай енгізуге әрекет жасағаны үшін қамауға алынғаннан кейін бір аптадан соң босатылуға ұмтылған болатын.
Бұған дейін Юн Сок Ёльдің қамауға алынуының заңдылығына қатысты сот тыңдауы жұма күні жергілікті уақытпен 10:15-те өтетіні хабарланған еді.