Оңтүстік Кореяның метро құрылысы алаңы опырылып қалды

АСТАНА. KAZINFORM – Корея Республикасындағы метро құрылысы опырылып құлады. Бұл туралы полицияға сілтеме жасап, Ренхап агенттігі хабарлады деп жазды Синьхуа. 

Фото: en.yna.co.kr

Ел астанасы Сеулдің оңтүстігіндегі Гванмёнг қаласындағы жер асты құрылыс алаңы жергілікті уақыт бойынша шамамаен 15:13–те опырылған. Учаскедегі 17 жұмысшының біреуі жер астында қалып, бір экскаваторшы із-түзсіз жоғалып кеткен.

Апат кесірінен жолдар мен жақын маңдағы коммерциялық нысандар зақымданған.

Соның алдында ғана салынып жатқан жерасты тоннелінің тіреуіштерінде жарықтар бар екені айтылып, опырылуы мүмкін екені болжанған көрінеді. 

Фото: en.yna.co.kr

Апаттан кейін маңындағы жолдар түгелімен жабылып, қозғалыс шектелген. 

— Жақын маңайда тұратын тұрғындарды эвакуациялау туралы бұйрық берілді, — дейді билік өкілдері.

Бұған дейін хабарланғандай, Түркияда шахта опырылып 14 адам жарақат алды.