АСТАНА. KAZINFORM — Астанада еліміздегі атом энергетикасының дамуы жөнінде өтіп жатқан форумда Қазақстанның еңбек сіңірген энергетигі, Энергетиктер одағының басшысы Марат Дулкаиров Қазақстанның оңтүстігіндегі қуат тапшылығы бес облысты қамтып отырғанын, аталған аймақ энергиямен 55 пайызға ғана қамтылғанын жеткізді.
«Энергия тапшылығы жоқ деп өзімізді алдап керек емес. Әсіресе, еліміздің оңтүстік аймағында 2500 мегаватт тапшылығы байқалады. Инвестицияны сол өңірлерге құю керек. Әйтпесе, алдағы жылдары үлкен проблемаға айналуы мүмкін», — деді ол.
Сарапшы энергетикалық нысандарды салу үшін тариф бағасын өсіруге қарсы екенін жеткізді.
Тарифті өсіру халықтың қалтасына салмақ салатынын, бұл ретте энергия стансаларын салуға қаражатты өзге көздерден қарастыру керек екенін айтты.
Оралхан Қожанов
2013 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы ҚазҰПУ-ді журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары «Баянтау», «Ауыл тынысы», «Отарқа», «Сарыарқа самалы», «Қазақ үні», «Егемен Қазақстан» газеттерінде, «Ұлыс медиа» порталында қызмет атқарды.